Жаңадан тартылған теңгелік депозиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі өзгереді.
Құрметті клиенттер!
Осы арқылы «Банк Хоум Кредит» Акционерлік қоғамының Еншілес банкі 2020 жылғы 1 қазанынан бастап жеке тұлғалардың жаңадан тартылған теңгелік депозиттері бойынша сыйақының жылдық мөлшерлемесі өзгеретінін және төменде көрсетілгендей болатынын хабарлайды:
Депозит атауы | Номиналды мөлшерлемесі (%) (%) | Жылдық тиімді мөлшерлемесі (%) (%) |
Простой 6 ай, 12 ай | 8,61 | 9,0 |
Почтовый Хоум | 8,61 | 9,0 |
Сберегательный Хоум+ 6 ай | 9,53 | 10,0 |
Сберегательный Хоум+ 12 ай | 11,6 | 12,3 |
Сберегательный Хоум+ 24 ай | 11,06 | 11,7 |
Сберегательный Хоум 6 ай | 9,98 | 10,5 |
Сберегательный Хоум 12 ай | 13,10 | 14,0 |
Сберегательный Хоум 24 ай | 12,4 | 13,2 |
Салымның өзге шарттары, сондай-ақ шетел валютасындағы салым шарттары өзгеріссіз қалады.
Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар:
1. Менің ағымдағы депозитім бойынша сыйақы мөлшерлемесі өзгереді ме?
Жауабы: Жоқ. 2020 жылғы 1 қазанына дейін ашылған салымдар бойынша мөлшерлеме банктік салым шартына сәйкес депозит мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады.
2. Егер депозитімнің мерзімі аяқталса, автоматты түрде ұзарту кезінде мөлшерлемесі қандай болады?
Жауабы: Салым мерзімі 2020 жылғы 1 қазанынан кейін аяқталған жағдайда, егер салымның осы түрі бойынша мерзімін ұзарту опциясы көзделсе, Сіздің депозитіңіз мерзімін ұзарту күніне қолданыстағы мөлшерлеме бойынша ұзартылады.