+7 727 244 54 77 +7 771 724 12 40 client@homecredit.kz Серіктес болу

Жаңалықтар

Samsung Pay қызметінің арқасында енді карточканы өзіңмен бірге алып жүрудің қажеті жоқ. Оны смартфоныңызға қосып, оңай түрде төлем жасаңыз.

Пайдаланудың оңайлығы неде?

Сіздің төлем карточкаларыңыз әркез жаныңызда болады. Samsung Pay қызметін пайдалана отырып, қолыңыздың бір қимылымен төлем жасаңыз. Операция жасау үшін смартфонды Интернетке қосудың қажеті жоқ, тек смартфонның немесе тасығыш құрылғының (мысалы, смарт сағат) өзі болуы тиіс. Samsung Pay-мен ақшаны телефон нөмірі бойынша немесе карта нөмірі бойынша оңай аударуға болады.

Неліктен бұл қауіпсіз?

Карта деректемелері телефоныңызда да, Samsung серверлерінде де сақталмайды. Карточканы қосқан кезде бірегей сандық код, яғни токен ретінде белгілі бір құрылғыға байланыстырылған 16 таңбалы сандар комбинациясы құрастырылады. Нақты карта нөмірінің орнына токен қолданылады, әрбір транзакция саусақ ізімен, көз қимылымен немесе қосымшаның PIN-кодымен расталады.

Қызметті кез келген жерде пайдаланыңыз!

Қарапайым карточка пайдаланылатын жерлерде Samsung Pay-ді қолданыңыз. Көптеген POS-терминалдар байланыссыз NFC (Near Field Communication) технологиясын қолдайды.

Поделиться
Отправить
Отправить