жеңілдікті шарттарға ие болған жағдайда (сыйлыққа төлемдер)
кепілзатсыз
қосымша шығынсыз
Кредиттеу шарттары
Қазақстан Республикасының азаматы болу;
Шетелдік азаматтар үшін Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаттың болуы;
Тұрақты табыстың болуы;
Кредитті алу өңірінде тіркелу;
Кредитті алу өңірінде тұру (пошталық мекенжайының болуы);
Жасы - 23 жастан зейнеткерлік жасқа дейін. Зейнетақы алушылар үшін – 45-75 жасты қоса алғанда;
Аталған шарттар Банк Хоум Кредитте екі және одан көп рет кредит ресімдеген клиенттерге ғана арналған;
Бонустық жеңілдікті төлемдерді алу үшін төлемдердің мерзімін кешіктірмеу қажет.
Қажетті құжаттар
ЖСН көрсетілген жеке куәлік;
зейнетақы алушылар үшін зейнеткер куәлігі;
шетелдік азамат үшін: ЖСН көрсетілген Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат (кредит шартының әрекет ету мерзімі тұруға ықтиярхаттың әрекет ету мерзімінен аспауы тиіс).
Кредитті ресімдеу
Сіз кредитті ресімдеу үшін банк бөлімшесіне келесіз, және барлық қажетті құжаттарды ұсынасыз.
Банк қызметкері сізбен бірге кредит алуға өтінімді толтырады және оны қарастыруға жібереді.
Теріс шешім қабылданған жағдайда, Банк сізге баламасын ұсынуға тырысады.
Оң шешім қабылданған жағдайда, шартқа қол қойылып, ол күшіне енеді.
Бір жұмыс күні ішінде ақша сіздің дербес шотыңызға аударылады.