Бір полис шеңберінде бүкіл отбасын сақтандыру
Әлемнің кез келген нүктесінде бір полис шеңберінде бүкіл отбасын 24/7 сақтандыру
Артықшылықтары
365 күн
Сақтандыру кезеңі
19 000 ₸ бастап
Сақтандыру сыйлықақысы
Сақтанушы |
18-70 жас аралығындағы әрекетке қабілетті тұлға |
Сақтандыру кезеңі |
365 күн |
Сақтандырылған тұлғалар |
Сақтанушы, жұбайы/жары, балалары |
Сақтандыру аумағы мен кезеңі |
Бүкіл әлем бойынша, күніне 24 сағат |
Пайда алушы |
Сақтандырылған тұлға немесе ол қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері (Сақтандырылған тұлға Пайда алушыларды өзі көрсетеді) |
Сақтандыру сыйлықақысы |
19 000, 29 000 және 56 000 теңге |
Сақтандырылған тұлғаға сақтандыру сомасы |
Таңдалынған сақтандыру бағдарламасына және сақтандыру өтеміне байланысты 750 000-10 000 000 теңгеге дейін. |
Сақтандыру төлеміне кірмейтін жағдайлар
Сақтандырушы келесі жағдайларда сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндетті емес:
- Сақтанушы мен (немесе) Пайда алушының қасақана іс-әрекетінен туындаған жағдайлар;
- Сақтанушының өзіне қол жұмсауы немесе қол жұмсау талпыныстары;
- Сақтандырылған тұлғаның немесе Пайда алушының қасақана қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттері немесе әкімшілік құқық бұзушылық салдарынан туындаған жағдайлар;
- Сақтандырылған тұлғаның алкогольдік мастануы немесе улануы не уытқұмарлық немесе есірткілік мастануы және/немесе улануы салдарынан туындаған жағдайлар;
- Сақтандырылған тұлғаның кәсіби спорттың кез келген түрімен айналысуы;
- Сақтандырылған тұлғаның кез келген көлік құралын аталған категорияның көлік құралын басқару құқығынсыз немесе алкогольдік, есірткі немесе уытқұмарлық мастану қалпында басқаруы.
Сақтандыру төлемдері
- Сақтандыру жағдайы орын алса, Сақтанушы ол туралы сақтандыру компаниясына 30 күн ішінде хабарлауы тиіс;
- Барлық қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін 40 жұмыс күні ішінде сақтандыру жағдайы қарастырылып, сақтандыру төлемі төленеді;
- Сақтандырудың толық мерзімі ішінде әрбір тәуекел бойынша сақтандыру төлемінің 100%-нан артық емес сома төленеді. Сақтандыру сомасының 100% төленгеннен кейін тәуекел өз күшін жояды;
- Сақтандыру жағдайы ересек сақтандырылған тұлғада (Сақтанушыда және оның жұбайында/жарында) орын алған жағдайда, сақтандыру төлемі басқа ересек сақтандырылған тұлғада сақтандыру жағдайы орын алған кезде оның мүмкіндігіне және көлеміне әсер етпейді;
- Әрбір сақтандыру тәуекелі бойынша сақтандыру төлемі барлық Сақтандырылған балалар бойынша барлық оқиғалардың жиынтығында аталған тәуекел бойынша орнатылған сақтандыру сомасының 100%-нан аспауы тиіс;
- ЖКА нәтижесінде орын алған тәуекелдер бойынша төлемдер жүзеге асырылған жағдайда, жазатайым оқиға нәтижесінде орын алған тәуекелдер бойынша төлем жүргізілмейді.
Бағдарлама артықшылықтары
- Отбасыны бір полистің шеңберінде қорғау;
- Ресімдеу үшін тек қана сақтанушының жеке куәлігі ғана қажет;
- ЖКА нәтижесінде сақтандыру жағдайы орын алған кезде төлем екі есе артады;
- Сыйлықақы мөлшері балалардың санына байланысты емес;
- Полисті жылдам ресімдеу (ресімдеу кезінде Сақтанушы отбасының барлық мүшелерінің деректерін көрсету қажет емес);
Сүйектің сынуы мен күйік жағдайларында ересектерге сақтандыру өтемі кіреді.